SIM карта мен батареяны салу
Бұл телефон үшін BL-5CB батареясы қолданылуы керек.
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп,
зарядтағышты ажыратыңыз.
1 Құрылғының төменгі бөлігіндегі ойыққа саусағыңызды қойыңыз да, артқы
қақпақты ақырын көтеріп ашыңыз (1).
2 Батареяны көтеріп, шығарып алыңыз (2).
3 SIM картаны салыңыз (3). SIM картасының байланыс жағын төмен қарап,
қисық бұрышының құрылғының төмен жағына қарап салынғанына көз
жеткізіңіз.
4 Батарея (4) мен артқы қақпағын орнына салыңыз (5, 6, 7).