Nokia 1616 - Жалпы мәліметтер

background image

Жалпы мәліметтер
Құрылғы жайында
Осы нұсқауда айтылған сымсыз құрылғы EGSM 900

және 1800 MГц желі желісінде қолдануға рұқсат етілген.

Байланыс желісі туралы көбірек мәлімет алу үшін қызмет

көрсетушімен байланысыңыз.

Ескерту

Құрылғының оятқыш сағаттан басқа мүмкіндіктерін

қолданғыңыз келсе, құрылғыны қосыңыз. Сымсыз

құрылғыны қолдану кедергілер мен қауіп тудыратын

болса, құрылғыны қоспаңыз.

Құрылғыны пайдалану кезінде барлық заңдарға

бағынып, жергілікті әдет-ғұрыпты, құпиялықты,

басқалардың құқықтарын, оның ішінде, авторлық

құқықтарын бұзбаңыз. Авторлық құқықтар кейбір

бейнелердің, әуендердің және басқа деректердің

көшірілуіне, тасымалдануына, өзгертілуіне кедергі бола

алады.

Құрылғыда сақталған барлық маңызды ақпараттың

сақтық көшірмесін жасаңыз немесе жазып алынған

нұсқасын сақтаңыз.

Басқа құрылғыға қосылу кезінде егжей-тегжейлі

қауіпсіздік нұсқаулары үшін оның пайдаланушы

нұсқаулығын оқыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге

жалғамаңыз.

Бұл нұсқаулықтағы суреттер құрылғы дисплейіндегі

суреттерден өзгешеленуі мүмкін.

Желі қызметтері
Телефонды қолдану үшін сізде сымсыз қызмет көрсету

түрі болуы керек. Кейбір мүмкіндіктер барлықы желіде

қатынаулы болмайды; басқа мүмкіндіктер қызмет

көрсету провайдеріңізбен арнайы реттеулер

жасауыңызды талап етеді. Желі қызметтері берілетін

деректерді қамтиды. Өз желінізде және басқа желілерде

болғанда ақы қанша болатыны туралы егжей-тегжейін

білу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз.

Қызмет көрсету провайдеріңіз қандай ақы қолданылатын

түсіндіреді.

Сіз провайдеріңізден құрылғыңызда бейбелсенді және

жұмысқа қабілетсіз мүмкіндіктерге сұратым

жасауыңызға болады. Онда бұл мүмкіндіктер

құрылғыңыздың мәзірінде көрінбейтін болады. Сондай-

ақ, құрылғыңызда мәзір атаулары, мәзір реті және

белгішелер сияқты бапталатын элементтердің болуы

мүмкін.

Қолдау
Өнімді пайдалану туралы қосымша ақпарат білгіңіз

келсе, немесе құрылғыңыз қалай жұмыс істейтінін толық

білмесеңіз, пайдаланушы нұсқаулығын немесе қолдау

үшін www.nokia.com/support сайтындағы қолдау көрсету

бетін немесе жергілікті Nokia веб-сайтын, мобильді

құрылғы арқылы www.nokia.mobi/support сайтын

қараңыз.

Егер бұл көмектеспесе, келесіні орындаңыз:

Құрылғыны қайта жүктеңіз: телефонды өшіріп,

батареяны алыңыз. Біраз секундтан кейін

батаряны салыңыз да, телефонды қосыңыз.

Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей

зауыттық параметрлерді қайта сақтаңыз.

Егер мәселеңіз шешілмей қалса, жөндету үшін Nokia

корпорациясына хабарласыңыз. www.nokia.com/repair

сайттарын қараңыз. Құрылғыны жөндетуге жібермес

бұрын, әрқашан құрылғыдағы деректердің сақтық

көшірмесін жасап алыңыз.